Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектепте Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 желтоқсан күні “Зорлық-зомбылық пен буллингсіз қоғамға қадам” атты акция аясында бейнеролик түсірілді.
Зорлық-зомбылық — тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның ортақ мәселесі. Акцияның негізгі мақсаты — әр адамның қауіпсіздік құқығын қорғау, зорлықтың кез келген түріне жол бермеу, және көмек сұраудың әлсіздік емес, үлкен батылдық екенін қоғамға түсіндіру.
Акцияның атау идеялары:
Зорлыққа — Нөлдік төзім
Үндеме — қорға
Қауіпсіз қоғам — әркімнен басталады
Зорлықсыз өмір — біздің таңдауымыз
Қолдау бар жерде — қорқыныш жоқ
Ұйымдастырушылар:
Педагог-психолог — Калыкулова Айжан
Әлеуметтік педагог — Изтурғанова Айгүл
