Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Тақырыбы: «Мен – болашақ қоғам қызметшісі: қандай қасиеттерім бар?»
Мектебімізде «Өзін-өзі тану және дамыту күні» аясында оқушыларға арналған мазмұнды психологиялық тренинг сабағы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өз бойындағы жеке қасиеттерін талдай отырып, мемлекеттік және қоғамдық қызметке қажетті маңызды сапаларды анықтау, сондай-ақ өзін-өзі дамытуға деген ынтасын арттыру.
Тренинг барысында оқушылар адалдық, жауапкершілік, әділдік, коммуникация, отансүйгіштік, шыдамдылық сияқты маңызды қасиеттердің мәнін түсініп, өз бойларынан осы қасиеттерді табуға және дамытуға бағытталған түрлі тапсырмалар орындады. Әр оқушы өз-өзіне баға беріп, болашақта қоғамға пайдалы азамат болу үшін қандай қадамдар жасау керектігін ой елегінен өткізді.
Сабақ оқушылардың өзін-өзі тануына, сенімділігін арттыруға және тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді.
Аталған психологиялық тренингті ұйымдастырушылар: 
ДТЖЖО Садықбекова Анифа
КББП Мусабекова Тұрғанай