Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып қыздарына маңызды бағыттағы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің тақырыптары:
Ерте жүктіліктің алдын алу
Гигиеналық кеңес беру
Іс-шараның мақсаты:
Жоғарғы сынып қыздарының ерте жүктілікке қатысты психологиялық, әлеуметтік және денсаулыққа байланысты қауіптері жөніндегі білімін арттыру, өмірлік жауапты шешім қабылдау дағдыларын дамыту, жеке шекараларын қорғау мен қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағыттау.
Шараға Шардара ауданының дәрігері Айнұр Дуанқызы қатысып, жасөспірім қыздарға медициналық тұрғыдан маңызды мәліметтер мен практикалық кеңестер берді.
Сонымен қатар кездесу мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Дарменова Бибігүл және ДТЖЖО Анифа Садықбекованың қолдауымен ұйымдастырылып,
мектеп психологы Калыкулова Айжан оқушыларға психологиялық қауіпсіздік, жауапты шешім қабылдау, өз денсаулығына ұқыпты қарау тақырыптарында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Бұл шара оқушылардың тұлғалық дамуына, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және жауапты мінез-құлықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама