Түркістан облысы Шардара ауданы білім бөліміне қарасты №3 ЖББМ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Шардара аудандық білім бөлімінің 23.04.2026 жылғы №595 санды хатына сәйкес, “Жауапты қыз - жарқын болашақ кепілі” тақырыбында жиналыс өткізілді.
Қыздар жиналысына 8-11 сыныптардың қыздары қатысты.
Жиналыстың күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Мереке күндері саяхат, қыдыру, ауыл, қала сыртына шығып кетудің алдын алу.
2. Науқанды жұмыстарға, егістікке шығып жұмыс істеуіне тыйым салу.
3. Бітіруші сыныптардың отырыс, кеш өткізу, үйлерде кеш жасауына
тыйым салу.
Мектеп директоры Е. Акбердиев, оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Б. Дарменова,тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Садыкбекова, педагог-психолог А. Калыкулова, әлеуметтік педагог А. Изтурганова, медбике Д. Казбекова жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша оқушыларға түсіндерме жүргізді.