Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жббм - де аудандық білім бөлімінің 2026 жылғы 5 ақпандағы №2-12-2600157 санды хатына сәйкес 3-11 сынып оқушыларына «Закладчики. Мать» деректі фильмі көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге әлеуметтік желідегі қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарын түсіндіру, жеке деректердің қорғалуы жөнінде ақпарат беру, құқықбұзушылықтың салдарын ұғындыру және нашақорлықтың зияны туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Көрсетілім барысында оқушыларға есірткі заттарын қолданудың денсаулыққа, болашақ өмірге және заң алдындағы жауапкершілікке тигізетін кері әсері кеңінен баяндалды. Сонымен қатар зиянды әдеттерден аулақ болу, саналы таңдау жасау және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Аталған шара өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.