Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылғы 4 наурыз күні №3 жалпы білім беретін мектеп базасында жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге мектеп директоры Е. Акбердиев, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ілесов Қыстау Інайұлы, ішкі саясат бөлімінің теологы Данияров Асылхан, Түркістан облысы 
Дін мәселелерін зерттеу орталығы теолог маманы Аманов Дәурен, ЖРО психологы Тұрғанбаева Гүлжан, әдіскер Абдирахманов Ерлан, ДТЖЖО А. Садыкбекова және сынып жетекшілер қатысты.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, жат ағымдардың ықпалынан сақтану, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар оқушыларға заң талаптарын сақтау, жауапкершілікті сезіну, дұрыс өмірлік бағыт таңдау жөнінде мазмұнды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға, қоғамда тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.