Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп
Жас маман — кәсіби жолдың бастауында
Бүгін мектепте жас педагогтерге қолдау көрсету мақсатында педагог-психолог Қалыкулова Айжанның ұйымдастыруымен жас мамандарға арналған тренинг өткізілді.
Мақсаты: — Жас мұғалімдердің кәсіби бейімделуін шолдау;
— Педагогикалық ортаға сәтті кірігуіне жағдай жасау;
— Өз мүмкіндіктерін танып, кәсіби мотивациясын арттыру;
— Эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру;
— Командалық өзара әрекеттестікті дамыту.
Тренинг барысында келесі жаттығулар орындалды:
1. «Бір сөзбен көңіл күй» — қатысушылардың эмоционалды күйін анықтау;
2. «Визитка» — әр жас маманның кәсіби бейнесін таныстыру;
3. «Эмоциялар картасы» — эмоцияларды тану және басқару дағдысы;
4. Тыныс алу техникасы — күйзелісті төмендету әдістерін меңгеру;
5. «Менің мұғалім ретіндегі миссиям» — кәсіби бағыт пен мақсатты айқындау.
Тренинг жас мамандарға сенім, қуат, жаңа мотивация сыйлап, кәсіби әлеуетін ашуға, ұжыммен тиімді қарым-қатынас орнатуға және педагогикалық ортаға сенімді түрде бейімделуге мүмкіндік берді.
Жас маман — ертеңгі болашақтың ұстазы. Әрбір қадам маңызды!
Сәттілік тілейміз!