Еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқор да білімге құштар, салт - дәстүрі мен адамзаттық құндылықтарын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу мақсатында құрылған Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы аясында №3 жалпы білім беретін мектебінде салтанатты қабылдау жиыны өтті.
Бұл күні үздік және үлгілі оқушыларымыз «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» ұйымдарының қатарына қабылданып, өздерінің анттарын берді.
Салтанатты рәсім барысында жас өрендер елге адал қызмет етуге, Отанды сүюге және мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге ант етті.
№3 мектеп ұжымы жас ұландарды ұйым қатарына қабылдануымен құттықтап, олардың ел ертеңі ретінде үлкен жауапкершілік пен сенімді ақтайтын тұлға болып өсулеріне тілектестік білдірді.
Құрметті жас ұландар!
Егемен еліміздің еңселі азаматтары болып, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлестеріңізді қосыңыздар!