Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Жайдарлы жаз – 2026» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты

2026 жылдың 26 мамыр күні №3 жалпы білім беретін мектеп жанынан ұйымдастырылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің «Жайдарлы жаз – 2026» тақырыбында салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын көңілді, пайдалы әрі қауіпсіз ұйымдастыру, олардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Лагерьдің ашылу салтанатына мектеп ұжымы, оқушылар және лагерь тәрбиеленушілері қатысты. Ашылу барысында мектеп директоры Е. Акбердиев құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын демалыс, зор денсаулық пен жақсы әсерге толы жаз мезгілін тіледі. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі мен сапалы демалысына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Сондай-ақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Садықбекова лагерь жұмысының маңыздылығына тоқталып, оқушыларға белсенділік, ұйымшылдық және көтеріңкі көңіл-күй тіледі. Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізу мақсатында лагерьде түрлі танымдық, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.

«Балдәурен» сауықтыру лагері жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың демалысын қызықты әрі есте қаларлықтай өткізуге өз жұмысын жалғастырады.