«Жайдарлы жаз – 2026» жазғы лагері
02.06.2026 күні №3 ЖББМ жанындағы «Жайдарлы жаз – 2026» жазғы лагерінде жоспарға сәйкес тәрбиеленушілермен таңғы сергіту жаттығулары өткізілді. Денсаулық – зор байлық екенін ұғындыру мақсатында балаларға пайдалы тағамдардың адам ағзасына тигізер пайдасы туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар тәрбиеленушілер арасында кіші футболдан қызықты сайыс ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты.
Іс-шара соңында ұлттық ойындар ойнатылып, балалар көтеріңкі көңіл-күймен уақыттарын тиімді өткізді.