Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 ЖББМ-де Түркістан облысы білім басқармасының 18.09.2025 ж. №25/5173 санды хатын басшылыққа ала отырып, облыстық білім беруді дамыту орталығы жолдаған ереже негізінде «Үздік сынып жетекші» аудандық байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Мектепішілік дода барысында ұстаздар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылық қабілеттерін, сынып жетекшіліктегі ең үздік әдіс-тәсілдерін таныстырды. Сайыс қызықты әрі тартысты өтті.
Сайыстың мақсаты:
Сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыру;
Озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау;
Жаңашыл идеяларды қолдау және шығармашылыққа баулу;
Сынып жетекшінің мәртебесін көтеру.
Нәтижесінде:
І орын – Хонарова Айнұр
ІІ орын – Ермуханова Меруерт
ІІІ орын – Туякова Камшат
ІІІ орын – Тулеметова Ақбота
«Үздік номинация» – Қоянбаева Гүлсім