Құттықтаймыз!
Адал адам, адал ұрпақ ұлттық тұжырымдамасын насихаттау, білім беру саласындағы жаңашылдықты дамыту, педагог мәртебесін арттыру және озық тәжірибені кеңінен тарату мақсатында ұйымдастырылған «Үздік ашық сабақ» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Хонарова Айнұр апайымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Сонымен қатар, «Білім беру саласының құрметті педагогі» төсбелгісімен марапатталуыңыз — тынымсыз еңбегіңіздің, жоғары кәсібилігіңіздің және шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаздық шеберлігіңіздің айқын дәлелі.
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, сарқылмас күш-жігер, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз! Ұстаздық жолыңыз әрдайым абырой мен құрметке толы болсын!
