«Заң және тәртіп – конституциялық құндылық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараға мектеп директоры Е. Акбердиев және аудандық білім бөлімінің әдіскері Илесова Гүлжан қатысты.
Сынып сағаты барысында оқушыларға Конституцияның маңызы, заңды құрметтеу, құқық пен міндет, қоғамдағы тәртіптің рөлі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара оқушылардың заңға құрметпен қарап, ел болашағына жауапкершілікпен қарауына бағытталды.