«Заң және тәртіп - Конституция құндылықтары» тақырыбында 8 «Ә» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты - оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, заңды құрметтеуге және тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар Конституция құндылықтары, адам құқықтары мен міндеттері туралы өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы жайлы пікір алмасып, белсенділік танытты.
Жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру - болашаққа жасалған маңызды қадам. Заңды құрметтеу - әр азаматтың басты міндеті екені оқушыларға кеңінен түсіндірілді.
Сынып жетекшісі: Ермуханова Меруерт