«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»
Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектебінде «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында маңызды онлайн кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы қатысып, мектеп оқушыларымен «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды сұхбат жүргізді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Сонымен қатар, ата-аналардың белсенді қатысуының маңыздылығы ерекше атап өтіліп, баланың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі екені айтылды.
Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыруға зор үлес қосады.