Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Цифрлық әлем және дрон технологиясы» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен танымдық іс-шара өтті

Мектебімізде 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Цифрлық әлем және дрон технологиясы» атты қызықты әрі заманауи іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар дрондардың құрылымы, басқару жүйесі және қазіргі қоғамдағы маңызымен танысты. Сонымен қатар дрон ұшыру көрсетілімі өткізіліп, қатысушылар заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде көрді.

Оқушылар IT саласындағы жаңа бағыттар туралы ақпарат алып, цифрлық технологияларға деген қызығушылықтарын арттырды. Іс-шара өте әсерлі өтіп, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мақсаты:

Оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту, инновациялық технологияларға қызығушылығын арттыру және болашақ мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру
Үйірме жетекшісі Әшім Айгерім Лесханқызы