Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектебі
“Цифрландыру мен инновация - қазіргі заманның ажырамас бөлігі”
Қазіргі таңда цифрландыру мен инновациялық технологиялар қоғамның барлық саласына қарқынды еніп, білім беру жүйесінің дамуына тың серпін беруде. Заманауи білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану - сапалы білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың маңызды кепілі.
Осы бағытта Шардара ауданының №3 жалпы білім беретін мектебінде білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, инновациялық жобаларды дамыту және заманауи платформаларды тиімді қолдану бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сабақ барысында интерактивті әдістер, онлайн платформалар, электронды ресурстар мен цифрлық білім беру құралдары кеңінен қолданылып, оқушылардың білімге деген қызығушылығы артып келеді.
Мектеп ұжымы білім беру сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияларды енгізіп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Цифрлық білім беру - болашаққа бастар маңызды қадам. Сондықтан инновация мен технологияны тиімді пайдалану - уақыт талабы.