№3 жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәні мұғалімдері Қ.Акимбаев, Н. Айтбаев ағайлар мен тәлімгер Е. Абілқасымның ұйымдастыруымен "Толағай" отбасылық эстафеталық сайысы жоғары деңгейде өтті!
Бұл сайыстың басты мақсаты:
Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру
Ұйымшылдыққа, достыққа және ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Жылдамдық пен шапшаңдықты дамыту
23 қазан 2025 жылы "Спорт" алаңында өткен жарысқа әрқайсысы 5 адамнан тұратын 4 отбасы командасы қатысты.
Жарыс бағдарламасы түрлі қызықты айналымдардан тұрды:
Эстафета таяқшасын ұстап жүгіру
Допты екі тіземен қысып жүгіру
Допты себетке салу
Теннис ракеткасымен шарикті түсірмей келу
Арқан тартыс
Барлық қатысушылар ерекше белсенділік, ұйымшылдық және жеңіске деген жігер танытты!
Жеңімпаз отбасылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Отбасы мен спорт - мықты қоғамның негізі!