ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ӨТТІ
29 сәуір күні №3 жалпы білім беретін мектеп базасында «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы аясында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Онлайн форматта өткен тікелей эфирге облыс прокурорының орынбасары Даулет Бекбашұлы Тлемисов қатысып, өңірдегі мектеп оқушылары мен ата-аналармен жүздесті. Іс-шараға мектебіміздің 8–11 сынып оқушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілері, ата-аналар және педагог-психологтар белсенді қатысты.
Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң мен тәртіпті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ата-аналардың жауапкершілігін күшейту болды. Кездесу барысында маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Осындай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың құқықтық санасын нығайтып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және қауіпсіз орта құру – баршамызға ортақ міндет.
