«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектебімізде қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау және туған жерге жанашырлық таныту мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен ұстаздар туған жердің тазалығы – әр азаматтың ортақ міндеті екенін іс жүзінде көрсетті.
Тазалық – тәртіптің бастауы. Таза орта – жарқын болашақ кепілі!