Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№3 ЖББМ Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Хошан Бексұлтан бүгін Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы №38 мектеп-гимназияда өткен Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасындағы пневматикалық винтовкадан ату және автоматты жартылай бөлшектеп-жинаудан республикалық турнирге қатысты.
Еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстары мен Алматы қаласынан келген мерген ұстаздар бас қосқан сайыс «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының атқарушы директоры, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ профессоры, Халықаралық журналистер одағының мүшесі Болатбек Сағымбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.
Тартысты өткен турнир нәтижесінде винтовка атудан 20–29 жас санатында №3 ЖББМ-нің Алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушысы Хошан Бексұлтан Сәкенұлы 2-ші орынды иеленді. Жеңімпазға ҚР Қорғаныс министрлігінің дипломы және журнал редакциясы атынан «Үздік Алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі» медаль-төсбелгісі табыс етілді.
Жарайсың, Бексұлтан! Жеңістен жеңіске жете бер. Сен мықтысың