Бүгін №3 ЖББМ-де "Smart Leaders" (Зияткер көшбасшы) дебат клубының жетекшісі Н. Пайзова және Мектеп Парламентінің өзін-өзі басқару ұйымының дебат фракциясы мүшелері Жұмабай Ардақ пен Өмер Махаббаттың ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары арасында танымдық пікірсайыс өтті.
Пікірсайыс тақырыбы: "Плагиат және еліктеушілік"
Оқушылар академиялық адалдық, авторлық құқықты сақтау, өз ойын еркін жеткізу және қоғамдағы еліктеу мәдениетінің әсері туралы ой қозғап, өз позицияларын дәлелді түрде қорғады.
Командалар тақырыпты жан-жақты талқылап, мысалдар келтіріп, қарсы тараптың сұрақтарына нақты әрі сенімді жауап берді.
Пікірсайыс барысында оқушылардың сыни ойлау, шешендік, көшбасшылық және командалық жұмыс дағдылары айқын көрінді.
Дебат клубының белсенді жастары мектептегі академиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Пікірсайыс тәжірибесі олардың болашақта жауапты да саналы тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал ететіні анық.