Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп
Қуанышты жаңалық!
Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының қолдауымен өткізілген «Зерде» республикалық зерттеу және шығармашылық жұмыстар конкурсында 2–7 сынып оқушылары арасынан 3 «А» сынып оқушысы Борис Айзере
«Тұрақты сөз тіркестері арқылы ұлттық құндылықтарды тану» тақырыбындағы зерттеу жұмысын сәтті қорғап, I орынға ие болды және облыстық кезеңге жолдама алды!
Оқушының жетекшісі Тәжі Бақтыгүл апайымызға еңбегі мен қолдауы үшін зор алғыс білдіреміз.
Бақтыгүл апай, сізге шығармашылық табыс, толайым жеңістер тілейміз!
Іс-шараның мақсаты:
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, танымдық дағдыларын жетілдіру және ғылыми жұмысқа қызығушылығын арттыру.
Жас зерттеушімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Жаңа белестерді бағындыра бер, Айзере!