Түркістан облысы, Шардара ауданы, N3 ЖББМ- де Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы Мұғалімдер күнін мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес педагогтың қоғамдағы беделін арттыру, ұстаз мамандығының мәртебесін көтеру және ұстаздарға алғыс білдіру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейде іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай мектебімізде де бірқатар шаралар өткізілді. Атап айтқанда, Жолдыбаева Жанар 8 «А» сынып оқушыларымен бірге «Ұстазға алғыс айту» күніне орай өз алғыстарын білдірді.