3 жалпы білім беретін мектебінде «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Қазақстан балалары” тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылдың 26 мамыр күні жазғы сауықтыру лагерінде «Sky colors – Аспан түстері» тақырыбында батпырауықтар фестивалі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау, эстетикалық талғамын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту және жазғы демалыс уақытын көңілді әрі пайдалы өткізуге жағдай жасау.
Фестиваль барысында оқушылар түрлі түсті батпырауықтарын көкке самғатып, ерекше көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар өз қолдарымен дайындаған батпырауықтарын таныстырып, белсенділік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Әсем әуен мен шат күлкіге толы шара қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.