Мектебімізде 3–13 ақпан аралығында ұйымдастырылған «Үйірме – болашаққа баспалдақ» атты онкүндік жоспары аясында 9 ақпан күні «Бейнелеу-өнер атасы» үйірмесінің жетекшісі Н. Күлбаева 7 «А» сынып қыздарымен "Құрғақ киізбен панно жасау" тақырыбында шығармашылық шеберлік сабағын өткізді.
Мақсаты:
• оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• ұлттық қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру;
• құрғақ киіз басу техникасын меңгерту арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар құрғақ киіз басу техникасы туралы теориялық мағлұмат алып, тәжірибелік жұмыс орындады. Фетр матасына эскиз түсіріп, жүнмен панно жасау арқылы өз шығармашылық идеяларын жүзеге асырды. Бұл жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Оқыту үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктері мен белсенді оқыту әдіс-тәсілдері тиімді қолданылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын еркін білдірді.
Шеберлік сабағы оқушылардың білімін тереңдетуге, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталып, қойылған мақсаттарына толықтай жетті