«Шабыт шыңы» өнер кеші
№3 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 2026 жылдың 22 мамыр күні «Шабыт шыңы» өнер фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальдің негізгі мақсаты – жас өнерпаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, талантты оқушыларды қолдау және олардың өнерге деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар ұлттық мәдениетті насихаттап, қатысушылардың сахналық шеберлігін шыңдауға және тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.
Концерттік бағдарлама барысында 4 «А» сынып оқушыларының қатысуымен әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оқушылар ән шырқап, көркем сөз оқып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне педагог Ж. Ахметова, музыка жетекшісі З. Тулебаева және 4 «А» сынып жетекшісі Г. Жолдыбаеваның қосқан үлесі зор. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас таланттардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылыққа баулиды.