10 қараша 2025 күні №3 жалпы білім беретін мектебімізде Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті және Ағылшын тілі пәндерінің 2025-2026 оқу жылына арналған дәстүрлі онкүндігі салтанатты түрде басталды!
Бір айта кетерлігі, биылғы онкүндік «Үш тіл, үш әлем, үш қазына» атты тақырыппен ұйымдастырылып отыр!
Мақсат:
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.
Көптілділік құндылығын насихаттау.
Оқушылардың ана тіліне деген құрметін күшейту.
Тіл арқылы ұлттық құндылықтарды таныту және көркем сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты ашылу рәсімінде ДОЖЖО Бибігүл Дарменова апай, пән бірлестігінің жетекшісі мен мұғалімдер құттықтау сөз сөйлеп, "Тіл – елдің жаны мен рухы" екенін, оны сақтау – әр буынның қасиетті борышы екенін ерекше атап өтті.
Онкүндік аясында:
Алдымызда оқушыларымыздың білімін тереңдетіп, шығармашылығын шыңдайтын мазмұнды іс-шаралар күтіп тұр:
Ашық сабақтар
Танымдық сайыстар
Эссе және көркем жазу
Ақындар мүшәйрасы
Интеллектуалды ойындар
Бұл игі шаралар жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық рух пен сананы биіктете түсетіні сөзсіз!
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Онкүндік барысындағы қызықты сәттермен бөлісетін боламыз!