Түркістан облысы Шардара ауданы №3 жалпы білім беретін мектебінде «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
– Зорлық-зомбылықтың түрлері мен оның салдары туралы түсінік қалыптастыру;
– Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге үйрету;
– Отбасында, мектепте және қоғамда сыйластық мәдениетін нығайту.
Семинарға қатысушылар:
– Аудандық білім бөлімінің әдіскерлері;
– Мектеп басшысы;
– Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары;
– Мектеп психологтары;
– Әлеуметтік педагогтар;
– Сынып жетекшілер.
Семинардың алғы сөзін мектеп директоры
Е. Акбердиев ашып берді.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары А. Садықбекова «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында кіріспе сөз сөйледі.
Педагог-психолог А. Калыкулова «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында тренинг өткізді.
Сынып жетекшісі М. Кулкаева «Қауіпсіз орта – әр адамның құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
ҚББП Н. Пайзова және кітапханашы А. Тәжі бірлесе отырып, «Зорлық-зомбылықсыз өмір. Кітап оқу – трендте» тақырыбында дебат өткізді.
Сынып жетекшісі М. Ермуханова «Мектеп – қауіпсіз аймақ» тақырыбында эстафеталық сайыс ұйымдастырды.
Сонымен қатар «Аналар – асыл жандар, қыздар – қызғалдақтар» тақырыбында ән кеші өтті.
Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Г. Шамеева қорытынды сөз сөйлеп, іс-шараны аяқтады.