2026 жыл ТМД елдерінде «Денсаулық сақтау жылы» болып жариялануына байланысты 8–11 сынып оқушыларына темекі, вейп және энергетикалық сусындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды.
Осыған орай, мектепте 8–11 сынып оқушылары арасында «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында түсіндірме сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға темекі мен вейптің адам ағзасына, әсіресе өкпе, жүрек және жүйке жүйесіне тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, энергетикалық сусындарды жиі тұтынудың денсаулыққа зияны, ұйқының бұзылуы, жүрек қағысының жиілеуі, қан қысымының көтерілуі сияқты қауіптері айтылды.
Кездесу барысында оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болу, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мақсаты – жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу және саналы ұрпақ тәрбиелеу.