№3 жалпы білім беретін мектебінде «Өрт қауіпсіздігі негіздері» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында тақырыптың негізгі мақсаты мен міндеттері талқыланып, қатысушылар Өмір қауіпсіздігі негіздерінің нұсқаулығымен танысты.
Сонымен қатар қауіпсіздік шаралары кезінде оқушыларға жедел қызмет нөмірлері түсіндірілді:
101 – Өрт сөндіру қызметі: өрт, түтін немесе өрт қаупі байқалғанда хабарласады.
102 – Полиция қызметі: қауіп төнгенде, тәртіп бұзушылық, ұрлық немесе күдікті жағдай көргенде қоңырау шалынады.
103 – Жедел жәрдем: жарақаттанғанда, есінен танғанда немесе медициналық көмек қажет болғанда шақырылады.
104 – Газ қызметі: газдың иісі шыққанда, газ құбыры ақауланғанда немесе жарылыс қаупі туындағанда хабар беріледі.
105 – Төтенше жағдайлар қызметі: табиғи апат, су тасқыны, жер сілкінісі, дауыл сияқты жағдайларда көмек көрсетеді.
Мақсаты:
Білім алушылар мен мектеп қызметкерлерінің өрт қауіпсіздігі туралы білімін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, адам өмірін және мүлікті өрттен қорғау шараларын үйрету.
Міндеттері:
1. Өрттің шығу себептері және оның алдын алу жолдары туралы түсінік беру.
2. Өрт болған кездегі қауіпсіздік ережелерін меңгерту.
3. Өрт сөндіру құралдарымен таныстыру және оларды дұрыс қолдануға үйрету.
4. Эвакуация ережелерін түсіндіру және практикалық жаттығу жүргізу.
5. Өрт қауіпсіздігіне қатысты жадынамалар мен ережелер арқылы жауапкершілік қалыптастыру.