Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы білім басқармасының Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектеп КММ-де педагог-психологтың жылдық жоспарына сәйкес оқушылар арасында «Психологқа хат» акциясы өткізілді.
Аталған акция 10 ақпан күні ұйымдастырылып, оқушыларды буллинг пен кибербуллингтің, аутодеструктивті мінез-құлықтың, ерте жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ күйзелістен арылуға көмек беру, оқушыларға шабыт сыйлап, алға нық қадам басуына қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Акция барысында оқушылар психологқа арнап хат жазып, өз сезімдері мен ойларын, толғандырған сұрақтарын немесе психологиялық қолдауға қатысты тілектерін білдіріп, хаттарын сенім жәшігіне салу мүмкіндігіне ие болды.
Акцияның мақсаты:
оқушылардың психикалық саулығын қолдау шаралары аясында өз ойын еркін жеткізуге, эмоцияларын білдіруге, психологқа сұрақ қоюға және ішкі жан дүниесіндегі мәселелермен бөлісуге мүмкіндік беру.
Педагог-психолог:
Калыкулова Айжан Алиханқызы