Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп базасында Түркістан облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 26.03.2026 жылғы №2-2/154 санды хаты негізінде 5–8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар байқауының аудандық кезеңі 06.04.2026 жылы өткізілді.
Байқау 4 бағыт бойынша ұйымдастырылды:
«Туған өлке табиғаты» – жеке жоба
«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» – жеке жоба
«Үздік экологиялық бастама» – командалық жоба (2 қатысушыдан аспайды)
«Таза қала сізден басталады» – жеке жоба
Әр мектептен осы бағыттар бойынша 4 жоба ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша №3 ЖББМ-нің 7 «А» сынып оқушысы Алтынбек Жанерке Бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды!
Жетекшісі – химия пәнінің мұғалімі Хонарова Айнұр.
Жеңімпаз оқушымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы байқауларда сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз! ҚББП Н. Пайзова