Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектепте «Отбасы және бала тәрбиесі» тақырыбында кең ауқымды мектепішілік ата-аналар жиналысы “Гендерлік зорлық-зомбылықсыз 16 күн” халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Жиналыстың басты мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі бірізділікті қамтамасыз ету, отбасының тәрбиелік рөлін күшейту және жасөспірімнің қауіпсіз әрі үйлесімді дамуына жағдай жасау.
Іс-шара барысында ата-аналарға:
– баланың психологиялық ерекшеліктері;
– жасөспірімдік кезеңдегі мінез-құлық өзгерістері;
– жанұядағы қарым-қатынастың бала дамуына әсері;
– интернет қауіпсіздігі мен кибербуллиң;
– бала құқығын қорғау және ата-ана жауапкершілігі
туралы кең көлемді ақпарат берілді.
Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері ата-аналарға тәрбиелік тұрғыда маңызды ұсыныстар айтып, ашық пікір алмасу ұйымдастырды.