Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№3 жалпы білім беретін мектепте Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Аталған маңызды жиынға қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысып, мектеп өміріндегі өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Отырыс барысында кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы Қамқоршылық кеңесінің төрайымы сайланды.
Кездесу кезінде мектеп директоры сөз сөйлеп, Қамқоршылық кеңесінің қызметтік міндеттері мен алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар, кеңес мүшелері бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес мектеп асханасына қатысты танысу жұмыстары жүргізіліп, асхананың жалпы жағдайы мен санитарлық талаптарға сәйкестігі қаралды.
Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа негізделіп, алдағы жұмыстарға нақты бағыт-бағдар берді. Бұл кеңес мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қосады деген сенім бар.
Әлеуметтік педагог: А. Изтурганова