Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№3 жалпы білім беретін мектептің 8 «А» сыныбында «Қаһарман рухы – мәңгілік: Бауыржан Момышұлы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға батыр бабамыздың ерлігі мен өнегелі өмір жолын насихаттау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, ерлік, батылдық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ барысында оқушылар Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі батырдың ерлігімен танысып, оның нақыл сөздерін талдап, рухани құндылықтардың маңызын түсінді. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, батыр тұлғаға деген құрметтерін білдірді.

Бауыржан Момышұлы – ел үшін жанын қиған, ұрпаққа үлгі болған дара тұлға. Оның қаһарман рухы – бүгінгі және келешек ұрпаққа мәңгілік мұра.

Сынып жетекшісі: Джолдыбаева Жанар