№3 жалпы білім беретін мектебі
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 2026 жылдың 28 мамыр күні «Тарихқа саяхат» атты тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бастауыш сынып оқушылары №3 ЖББМ-нің мәжіліс залында тарихи мультфильмдер мен кинофильмдер тамашалап, өткен тарихымызбен тереңірек танысты. Танымдық шараның басты мақсаты – оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және рухани-адамгершілік тәрбие беру болды.
Шараға ҚББП Н. Пайзова мен кәсіби бағдар беру педагогы Ж. Мұсабекова жетекшілік етіп, оқушыларға ел тарихының маңызы мен ұлттық мұраның құндылығын түсіндірді.
Іс-шара мақсаты: Оқушылардың тарихи танымын кеңейту, ел тарихына құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық сана мен патриоттық тәрбиені нығайту.
Өткенін құрметтеген ұрпақтың болашағы жарқын!