Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Шардара аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес білім беру мекемелерінің педагогтарының біліктілігін арттыру, тәжірибесін тарату және шыңдау мақсатында «Өнерлі ұстаз» аудандық байқауы өткізіледі.

Аудандық кезеңге қатысатын үміткерді анықтау мақсатында №3 жалпы білім беретін мектепте мектепішілік «Өнерлі ұстаз» байқауы ұйымдастырылды.

Байқау талапқа сай жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар өздерінің кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін және өнерін көрсетті.

Байқау төмендегі 5 шарт бойынша өткізілді:
-Сырттай үміткердің портфолиосы
-Өзін-өзі таныстыру
-«Менің педагогикалық қызметім» (ашық сабақ көрсету)
-«Өз өнері» кезеңі
-Сұрақ-жауап кезеңі (3 түрлі жағдаят)

Нәтижесінде аудандық кезеңге Бұхарбай Арай апайымыз жолдама алды!

Оған алдағы аудандық байқауда сәттілік тілейміз!