29 қазан 2025 жылы Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық саз мектебінің базасында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Өнерлі ұстаз - 2025" атты аудандық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты - ұстаздардың тарихи танымдылығын, педагогикалық және психологиялық сауаттылығын, шығармашылық қабілетін айқындау, жаңа технологиялар дәуірінде болашақ ұрпақтың сапалы тәрбиесі мен білім алуына үлес қосу, сондай-ақ ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыра отырып, ән өнерін насихаттау.
Осы байқауда №3 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Бұхарбай Арай өз дарыны мен кәсіби шеберлігін көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болып, облысқа жолдама алды.№3 мектеп ұжымы атынан Арай апайымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!