Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

"№3 жалпы білім беретін мектеп" КММ-де ДТЖЖО Садықбекова Анифа мен кәсіптік бағдар беру педагогы Мусабекова Тұрғанайдың ұйымдастыруымен 2026 жылдың сәуір айының 6-сы мен 10-ы аралығында "Болашақ мемлекеттік қызметші" жобасы аясында білім алушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік қызмет туралы түсінігін қалыптастыру, қоғамдағы рөлін ұғындыру және осы салаға деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Оқушыларға арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, мемлекеттік қызметшілердің еңбегі, қоғамға қосатын үлесі туралы мәліметтер берілді.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды. Апталық аясында алдағы күндері түрлі кездесулер, пікірталастар, танымдық шаралар өткізу жоспарланғаны таныстырылды.
Қорытындылай келе, аталған іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға ықпал етті.