Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы (СЭББ) тарапынан аудан бойынша тұмау және ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) ауруларының алдын алу мақсатында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, оқушылардың сауаттылығын арттыру және аурулардың алдын алу дағдыларын күшейту мақсатында мектеп оқушыларынан арнайы диктант алынды.
Диктанттың мазмұны маусымдық тыныс жолы инфекцияларынан қорғану, жеке гигиенаны сақтау, денсаулықты нығайту тақырыптарын қамтыды.
Бұл шара — балалар арасында профилактикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.