Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мектебімізде мектеп инспекторы, мектеп директоры және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының қатысуымен оқушылармен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жол қауіпсіздігі, интернеттегі қауіпсіздік, буллингтің алдын алу, зиянды әдеттерден сақтану туралы маңызды мәліметтер берілді. Мектеп инспекторы М. Бердалиев заң талаптарын түсіндіріп, жасөспірімдер арасындағы жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Мектеп директоры Е. Акбердиев оқушыларды тәртіп сақтауға, бос уақытты тиімді өткізуге, сабаққа жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сонымен қатар, мектеп пен ата-ана, құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы арқылы ғана қауіпсіз орта қалыптасатыны атап өтілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер оқушылардың қауіпсіздігін нығайтуға және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.