ЖЕҢІСІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Түркістан облысы білім басқармасының 2026 жылғы 4 ақпандағы №32 хатына сәйкес өткен Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумының аудандық кезеңінде мектебіміздің намысын қорғаған команда жүлделі ІІ орынға ие болды.
Мектеп тәлімгері Абілқасым Ерман Серікұлының жетекшілігімен мектеп президенті Азиза Мұхаммедқызы және фракция мүшелері — Набен Жания, Жұмамұрат Аяулым, Омер Махаббат, Жумабай Ардақ ұйымшылдық пен жоғары дайындықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Бұл – белсенді жастарым
ыздың көшбасшылық қабілеті мен зор жауапкершілігінің айқын дәлелі!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер!