«Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мектебіміздің инспекторы М. Бердалиев 11 «А» сыныбында жиналыс өткізді. Жиналысқа пән мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Садыкбекова сынып жетекшісі және оқушылар қатысты.
Кездесу барысында төмендегі мәселелер қамтылды:
Мектеп аумағындағы қауіпсіздік және сақтық шаралары – мектеп ішінде және ауласында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтау, бөгде адамдармен қарым-қатынаста сақ болу.
Мектеп инспекторы өз сөзінде өрт қауіпсіздігі бойынша төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді, электр құралдарын дұрыс пайдалану талаптарын түсіндірді. Жол қауіпсіздігі тақырыбында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргінші ретінде және көлікпен жүру кезіндегі жауапкершілік туралы айтты. Сонымен қатар, кибербуллингтің алдын алу мәселесіне тоқталып, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық, жеке мәліметтерді қорғау, киберқысымға тап болған жағдайда кімге және қалай жүгіну керектігі жөнінде түсіндірме берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп бұзушылықтың алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында қосымша профилактикалық іс-шаралар қабылданды.