Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара ауданы, №3 жалпы білім беретін мектеп
Психологиялық қолдау орталығының 2025/2026 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес мектебіміздің 2, 3, 4-сынып оқушыларынан «Болмаған жануар» проективті әдісі бойынша диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Болмаған жануар проективті әдісі — тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған диагностикалық тәсіл. Бұл әдіс арқылы бала қиялы, эмоциялық жай-күйі және ішкі дүниесі тереңірек зерттеледі.
Диагностиканың мақсаты:
1. Оқушының ішкі конфликтілерін анықтау
2. Қорқыныштары мен уайымдарын байқау
3. Өзін-өзі бағалау деңгейін бағалау
4. Агрессия немесе қорғаныс механизмдерін талдау
5. Әлеуметтік қатынастарға көзқарасын зерттеу
Диагностикалық жұмысты жүргізген:
Педагог-психолог — Калыкулова Айжан Алиханқызы