Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектепте 11-сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар әлемімен танысу» тақырыбында кәсіби бағдар беру және ҰБТ туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараның мақсаты — оқушыларға ҰБТ-ның маңыздылығын түсіндіру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру.
Кәсіби бағдар беру педагогы Мусабекова Тұрғанай мамандықтар әлеміне жан-жақты шолу жасап, әр бағыттың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін түсіндірді.
ДОЖЖО Дарменова Бибигүл Рахманқұлқызы оқушыларға мамандықты саналы түрде таңдаудың маңызын атап өтіп, EDUSER платформасы туралы толық ақпарат берді. «Ең бастысы — өздеріңе сену, еңбектену және таңдаған жолдарыңа адал болу», — деп, оқушыларға жігер беріп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап ұсынды.
Сынып жетекшісі Хонарова Айнұр оқушыларға қолдау білдіріп, қауіпсіздік мәселесіне ерекше тоқталды. Ол ең басты құндылық — оқушылардың амандығы мен денсаулығы екенін атап өтіп, сақтық шараларын ұстанудың маңыздылығын еске салды.
Психолог Қалықұлова Айжан ұйымдастырған тренинг ҰБТ алдындағы қобалжуды азайтуға және оқушылардың өз-өзіне деген сенімін арттыруға бағытталды.
Нәтижесінде оқушылар:
мамандық таңдауға қатысты ойларын нақтылады;
өз мүмкіндіктерін бағамдады;
толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Бұл — әр түлектің жүрегіне сенім ұялатып, болашағына нық қадам жасауға серпін берген маңызды күн болды
Болашақ — сенімнен, қауіпсіздіктен және дұрыс таңдаудан басталады!