ЖББМ-де 2025 жылдың 15 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында "1 қазан - Халықаралық қарттар күні" және "Мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне" арналған әлеуметтік қолдау шаралары аясында түрлі іс - шаралар ұйымдастырылуда.
Аталған іс - шаралар шеңберінде тәлімгер Ерман Абілқасым, дене шынықтыру мұғалімдері Кәдір Акимбаев, Наурызбай Айтбаев ағайлар 24. 09. 2025 күні "Спорт - саулық кепілі" тақырыбында тоғызқұмалақ пен шахматтан ардагер ағайлардың қатысуымен онлайн форматта жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Іс - шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Жарыс соңында Мұхан Орынбай, Киясов Уразбай ағаларымыз 1 орын
Коржаев Сүндет, Утешов Байболсын ағаларымыз 2 орын
Байбаков Тұрғанбай, Жаманкулов Нурлан ағаларымыз 3 орын иеленді.
Іс - шараның негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық және интеллектуалдық ойындарға деген қызығушылықты арттыру, ардагерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру болды.