Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Бүгін №3 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары арасында «Ұлттық валюта – Теңге» тақырыбында танымдық сайыс сабақ өтті. Апта дәйексөзі "Жауапкершілік - адамгершілік қасиеттің көрінісі". 
Сабақта оқушылар 4 топқа бөлініп, өз білімдерін, тапқырлықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті:
Таныстыру – топтар өз ұрандарын айтып, ерекше эмблемаларын қорғады.
Кім тапқыр? – ұлттық валюта тарихы және қаржылық сауат бойынша қойылған сұрақтарға жылдам жауап берді.
Ой қозғау – берілген тапсырмаларға байланысты өз ойларын еркін жеткізді.
Армандар картасы – болашақ мақсаттарын бейнелеп, үлкен арманға апарар алғашқы қадамдарын көрсетті.
Оқушылар белсенділік танытып, тың ұсыныстар айтып, шығармашылықтарын жоғары деңгейде көрсетті. 
Сайыс сабағына Б. Дарменова, 
А. Садықбекова, А. Сабырғалиева, 
З. Төлебаева апайлар бағалау жасап, 
өз пікірлерін білдірді.
Ал осы мазмұнды сынып сағатын ұйымдастырған ұстазымыз А. Хонароваға үлкен алғыс айтылды.
Ұлттық валюта – ел тәуелсіздігінің айрықша символы.
Теңгеміз тұрақты, еліміз еңселі болсын!