Түркістан облысы Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының 12.02.2026 ж. №24 хатына сәйкес, 2026 жылдың 3 наурыз күні «Әлемнің жарығы» атты жас вокалистер мен жас суретшілердің республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқауда мектебіміздің талантты оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Вокал жанры бойынша 7 «А» сынып оқушысы Базарбай Жанасыл «Өнерлі бала» номинациясын иеленді.
Жетекшісі: Тулебаева Зоя
Сурет жанры бойынша 8 «А» сынып оқушысы Абдыш Аида II орын иегері атанды.
Жетекшісі: Күлбаева Нұргүл
Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілерін құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!