Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
Жүгіру жолы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Түркістан облысының білім басқармасының Шардара ауданының білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Шардара аудандық білім бөліміне қарасты №3 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында бүгін көпшілікті рухани бірлікке шақырған «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясының ашылу салтанаты өтті.
Бұл игі бастама — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, адамгершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ мектеп кітапханасының қорын жаңа, сапалы әдебиеттермен толықтыруға бағытталған.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, көпшілікті құттықтап, кітаптың ұрпақ тәрбиесіндегі орнына тоқталды:
«Кітап — ұрпақ санасын тәрбиелейтін рухани шамшырақ. Осындай бастамалар арқылы болашаққа салмақты қадам жасаймыз. Барша шардаралықтарды акцияға белсенді қатысуға шақырамын», — деді ол.
Шараға арнайы шақырылған аудандық «Өскен өңір» газетінің директоры, ақын, Қ.Иса атындағы қоғамдық бірлестік төрағасы Сәбит Лаханов та жүрекжарды лебізін білдіріп:
«Кітап — адамның рухани өсуіне жол ашатын мәңгілік дос. Әрбір сыйланған кітап — бір жүрекке берілген жарық сәуле», — деп, мектепке өз авторлық кітабын және шардаралық ақындардың өлеңдер жинағын сыйға тартты.
Мектеп директорының міндетін атқарушы Бибігүл Дарменова шараға қолдау көрсеткен барлық жандарға алғыс айтып, кітап — өшпес мұра, ұрпаққа қалған аманат екенін ерекше атап өтті.
Акция барысында оқушылар кітаптың қадірі мен құндылығын жырлаған өлеңдерді мәнерлеп оқып, қонақтарға рухани әсер сыйлады.
Іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған мектеп кітапханашысы Тәжі Аяжан Сәрсенбайқызы балалардың рухани тәрбиесіне қосқан еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар №3 ЖББМ қызметкерлері Акимбаев Қадырхан мен Бақтыгүл Тәжі де акцияға өз үлестерін қосып, мектеп кітапханасына кітап сыйлады. Бұл ұжымдық қолдау шараның маңызын арттыра түсті.
«Кітапханаға кітап сыйла!» қайырымдылық акциясы 25 желтоқсанға дейін жалғасады.
Барша тұрғындарды игі іске атсалысып, жас оқырмандарға рухани қолдау көрсетуге шақырамыз!